АҚТӨБЕ, 25 шілде. Ақтөбе облысында кәсіпкерлерден ақша талап еткен қылмыстық топ құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері ҰҚКД-дағы әріптестерімен бірлесіп, кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысатын қылмыстық топтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Қылмыстық топ құрамында деструктивті белгілері бар алты адам болған. Олар діннің атын жамылып, бірнеше рет түрлі себептермен екі жас жігіттен ақшалай қаражат бопсалаған. […]