Мәскеу. 5 сәуір. Бүгін Мәскеуде одақтас 10 мемлекеттің сыртқы істер министрлері мен бас штаб басшылары бас қосатын халықаралық конференция өтеді.Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы хабарлайды. Қазақстан атынан Қорғаныс министрі Сәкен Жанұзақов қатысады. Алқалы жиында жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және лаңкестікпен күрес мәселесі кеңінен талқыға салынады.