Астана, 11 шілде. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұл заң аса ауыр террористік қылмыстар және Қазақстанның ұлттық және өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян тигізген адамдарды Қазақстан азаматтығынан айыруды қарастырады. Конституцияға сәйкес келтіру үшін 7 кодекс […]