ПЕТРОПАВЛ, 30 желтоқсан. СҚО тұрғыны ұлттық алауыздықты қоздырғаны үшін сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің назарына Instagram әлеуметтік желі қолданушысының жарияланымдары ілікті. Оның материалдарында және пікірлерінде ұлттық, діни алауыздық қоздыру белгілері байқалады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс аудандарының бірінің 20 жасар тұрғыны анықталды. Өзіне қосымша аккаунт ашып, тіл тигізетін жарияланымдар орналастырған. […]