АСТАНА, 11 қаңтар. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізуінің арқасында соңғы 2 жылда Сириядағы қақтығыс аумақтарына Қазақстан аумағынан бірде-бір адам шықпаған, деп жазады Kazislam.kz сайты. «Әлбетте, Сыртқы істер министрлігіндегі әріптесім (вице-министр Ержан Ашықбаев — авт.) айтқандай, бұл бағыттағы жұмыс ары қарай жалғасын табады. Қақтығыс басталғалы бері, әрине, барлық жауапты мемлекеттік органдар […]