НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша. Үндістанның солтүстік-шығысындағы Манипур штатында болған террорлық шабуылда кем дегенде жеті адам, оның ішінде «Ассам атқыштары» әскерилендірілген құрамының бес қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі. Бұл ақпаратты Үндістанның Қорғаныс министрі Раджнатх Сингх растады. Белгісіз лаңкестер «Ассам атқыштары» бөлімшесінің жасақтарына шабуыл жасап, жеті адамды оқиға орнында өлтірді. «Манипур штатының Чурачандпур округіндегі «Ассам атқыштарының» […]