НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым. G20-ның барлық қатысушылары интернеттегі лаңкестік туралы ақпараттардың таралуына қарсы тұру қажеттілігі туралы қорытындыға келді, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды. «Біз бәріміз әр елдерде Ғаламтордың жұмысы әртүрлі реттелетінін білеміз, бірақ «жиырмалық» қатысушыларының барлығы ғаламторда лаңкестікке байланысты жағымсыз ақпараттың таралуына кедергі жасау үшін бәрін істеуіміз керек деген қорытындыға келді», […]