Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ЖАРЫЛЫС АЙМАҒЫНДА

Егер Сіз жарылыс аймағында болсаңыз, есіңізден таңбай қозғала алсаңыз,ең біріңші кезекте от пен түтін жоқ жерге барыңыз.

Жарылыс болғанда зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда  зардап шеккендер болса олардың жай-куйін бағалаңыз: тамырдың соғуын,адамның ес-тусінің болуын. Еш бір жағдайда мүсәтірмен ес жидырмаңыз. Естен тану – бұл ағзаның сыртқы әсерге қорғаныстық серпілісі. Зиян шеккен адамның сүйектерің мұқият қараңыз,егер сынық болмаса қырынан жатқызыңыз. Шалқасынан жатқанда құсық массаларынан тұншығып қалуы, ал екпетінен жатса – дем ала алмай қалуы мүмкін. Артериядан қан кетсе (қан алқызыл, бұрқақтай шапшыса) жараны тез арада басып, кейін жарадан жоғары жерді таңып қою керек.

Егер Сіз ғимарат құрылмалары сынығынын астында қалсаңыз сабыр етуге тырысыңыз. Терең дем алыңыз. Құтқарушылар Сізді құтқарып алатынына сенімді болыңыз. Даусыңызбен не тырсылмен өзгелердің назарын өзіңізге назар аудартыңыз. Егер Сіз ғимарат сынығынын ең астында болсаңыз, Сізді эхопеленгатор арқылы табу үшін кез келген металл затты (сақина, кілт, т.б.)  онды-солды қозғаңыз.

Тұйық кеңістікте от жақпаңыз. Оттегің үнемдеңіз.

Жаңа опырылу туғызбайтындай абайлап қозғалыңыз, сырттан келген ауаның қозғалысына бағланыңыз. Мүмкіндік болса, қол асты заттармен (тақтай, кірпіш, т.б.) төбені бекітіп көмек күтіңіз. Қатты шөлдесеңіз аузыңызға кішкентай тас салып мұрныңызбен демалып соны сорыңыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *