Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ОҚО теракт жасау әрекеті үшін Қарағанды тұрғындарына жаза кесілген

Шымкент. 26 желтоқсан. Теракт жасау әрекеті үшін Қарағанды тұрғындары ұзақ мерзімге сотталды,деп «КазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды.

Бұл аты шулы процесс қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотта жабық тәртіпте өтті.Үкім шығарғаннан кейін баспасөз қызметінде үкімге түсінік берді.

«Топ ұйымдастырушы Самат Жолдыбаев сот үкімімен 9 жыл бас бостандығынан аыйрылды.Александр Кривоносов – 8 жыл.Асиф Токарев 4 жыл 9 ай қатаң режимді колонияда өткізеді»,-деп ОҚО ҚІМС өкілі Нұрсулу Жораева айтты.

Сот процессы барысында Жолдыбаев пен Кривоносов тыйым салынған «ДАИШ» экстремисттік ұйымның мүшелері болғаны анықталды.Ал үшінші айыпкер өз компьютерінде экстремисттік сипаты бар материалдарды ұстаған.

Сот процессі қазанның ортасында басталған.Қылмыстық кодекстің 4 бабы бойынша айып тағылды,192 (Тонау),256 (Терроризмді насихаттау), 257 (Террористтік топты құру,басқару),432 (Қылмысты жасырушылық).

Іс материалдары бойынша Алмас Байділдәевтің тапсырмасы бойынша Қарағанды тұрғындары Шымкентке келді.Осында олар теракт жасауды жоспарлаған,алайда оларға бұл үшін ақшалай қаражат керек болды. Байділдәевтің өкімі бойынша олар ақшаны іскерден алуы керек еді. Іскер 57-жастағы Бауыржан Абдубаев жәбірленуші ретінде сот алдына келді.Бұл азаматтың жанұясының артынан қылмыскерлер тәулік бойы бақылау орнатты.Алайда іске арнайы қызметтің қызметкерлері араласып бұл істі соңына дейін жеткізуге жол бермеді.

Дереккөз «ҚазАқпарат» ХАА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *