Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Стамбулда теракт жасаған күдіктінің фотосуреті жарияланды

Стамбул. 2 қаңтар. Түріктің Anadolu мемлекеттік ақпараттық агенттігі Стамбулдағы Reina клубында теракт орындаушының фотосуретің жариялады. Жаңа жыл түні Стамбулдағы Reina клубына қарулы шабуыл жасалған болатын. Санта Клаус болып киінген лаңкес 700-дей адам болған ғимаратқа баса-көктеп кіріп келіп, қолындағы автоматпен жан-жағына оқ жаудыра бастайды. Мәліметтер бойынша, 39 адам қаза тапты және 69 адам зардап шекті. Ал шабуылдаған адам әлі табылмаған. Ол іздестіріліп жатыр. Рейтер агенттігінің ақпараты бойынша «Ислам мемлекеті» террорлық тобы терактіні өз мойындарына алды.

Қазіргі кезде лаңкестің жеке басы анықталып жатыр,полициядағы ақпарат дереккөзіне сілтеме жасап түркі БАҚ хабарлауынша,ол Өзбекістанның немесе Қырғызстанның азаматы. Полиция теракт болған түнгі клуб аумағындағы бейнекамералардың жазбаларын зерттеген. Лаңкестің бет бейнесі анық көрінеді.Бұл іс бойынша Стамбулдың бас прокуратурасының ұйымдасқан қылмыстылық пен терроризммен күресу департаменті тергеуін жалғастыруда.

Дереккөз:ҚазАқпарат ХАА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *