Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Көкшетаудағы сауда үйіне «жарылғыш зат» қойған солтүстік қазақстандық ұсталды

Астана. 3 қаңтар. Көкшетаудағы сауда үйіне «жарылғыш зат» қойған солтүстікқазақстандық ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметі бойынша 2017 жылдың 1-ші қаңтарында Ақмола облысының ІІД кезекшілік бөліміне Солтүстік Қазақстан облысының ІІД кезекшілік бөлімінің полицейі хабарласқан. Көрші облыстың полицейінің айтуынша, СҚО ТЖД кезекшілік бөліміне белгісіз ер адам қоңырау шалып, Көкшетаудағы сауда орындарының біріне жарылғыш зат қойылғанын айтқан.

«Осыған орай, Ақмола облыстық ІІД жедел тергеу тобы мен жарылғыш затты анықтап, залалсыздандыратын техниктер аталған сауда үйіне жетті. Алайда, іздестіру шарасы барысында ешқандай жарылғыш зат табылмады. Сонымен қатар, сауда орны жабық болғандықтан адамдарды қауіпсіз жерге шығару да қажет болмады.

Дегенмен, жедел іздестіру шарасы барысында жалған «бомба» қойған СҚО Сарыбұлақ ауылының 26 жастағы тұрғыны  анықталып, қолға түсті», деп көрсетілген хабарламада.

Қазіргі кезде, айыпты кінəсін мойындап, үстінен ҚР ҚК 273 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған санкция бойынша кінәлі адам 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз:ҚазАқпарат ХАА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *