Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Әлеуметтік желіде Ауғаныстандағы Қазақстаннан шыққан содыр Сириядағы ағайындарына сәлем жолдаған жаңа бейне жазба шықты

Астана. 12 қаңтар. Қаңтар айының басында ғаламторда Ауғаныстан содырларының бейне жазбасы пайда болды,онда содырлар Алепподағы ағайындарына өзбек,тәжік,қырғыз және қазақ тілдерінде сәлем жолдаған.Бұл туралы өзінің Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин хабарлады.

«IJU –дан (Ислам жиһадының одағы, ӨИҚ-нан бөлініп шыққан топ) жаңа бейне.Бұл топтан бұрыннан ешқандай хабар болмаған.Мен оларды ӨИҚ-ның тағдырын қайталады деп ойлап едім.Бейне жазбаның негізі бұл – Ауғаныстаннан Алепподағы «әріптестеріне» жолдама.Бірнеше тілде үндеу жасаған – өзбекше,тәжікше,қарғызша. Біреуі ғана – сол жақтан санағанда үшіншісі – қазақша сөйледі.Жабдықтары бұрынғыдай көрінеді»,-деп Facebook-тегі парақшасында Ерлан Қарин жазған.

Осы жазбаның шығар алдында,бір күн бұрын Қазмедияорталығында Ерлан Қарин 2017 жылы лаңкестердің Орталық Азияға қайтып келу қаупі аса түседі деп мәлімдегенің айта кеткен жөн.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *