Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сириядағы Т-4 әскери-әуе базасына ИЛЛҰ (ИГИЛ) лаңкестері шабуылдады

Дамаск. 25 қаңтар. Сирияның Хомс провинциясында «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» содырлары Т-4 әскери-әуе базасын шабуылдады. Бұл туралы бейнетаспаны лаңкестер өздеріне қарасты ақпарат агенттік арқылы таратқан.

Соңғы мәліметке қарағанда, бұл аймақта үкімет әскері экстремистерге қарсы шабуылға шыққан. Бірақ өңірдің шығыс бөлігіне көрші Мосулдан 300-ге жуық содыр көмекке келген. Ал Ресей ұшақтары ұрыс жүріп жатқан Дейр-эз-Заур қаласына әуеден соққы берді. Соңғы бомбалаудың нәтижесінде содырлардың шаһардағы бір қару-жарақ қоймасы талқандалған.

Сарбаздар 150 лаңкестің көзін жойған. Қазір әскерилер қаладан оңтүстік пен оңтүстік-шығысқа қарай созылған жерді бақылауына алған.

Дереккөз: Хабар 24

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *