Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстан мен Түркияның бірлескен әскери оқу-жаттығуы кейінге шегерілді

Астана. 25 қаңтар. Қазақстан мен Түркияның бірлескен әскери оқу-жаттығуы кейінге шегерілді. Бұл туралы Мәжілісте Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып Хабар 24 телеарнасы хабарлайды.

Түрік елінде болған соңғы террорлық шабуылдарға байланысты оқу-жаттығу уақыты шегерілген. Министр орынбасарының айтуынша, екі елдің әскери-техникалық саладағы белсенділігі жоғары. Оған тұрақты түрде өтіп тұратын сарбаздар сайысы, бірлескен әскери өндіріс мекемелері мысал. Депутаттар түсіністік туралы меморандумды мақұлдады.

Талғат Мұхтаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

— Меморандумға өткен жылы 20 қаңтарда қол қойылды. Меморандумның мақсаты тараптардың міндеттемелері мен жауапкершілігін белгілеу болып табылады. Сонымен қатар, оқу-жаттығу өткізу уақытында қабылдаушы тараптың қолдау көрсетудің негізгі қағидаттарын айқындайды.

Заңсыз келімсектерді енді елден тез арада шығарудың жүйесі қалыптасады. Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, Қазақстан 16 елмен реадмиссия туралы келісімге қол қойған. Мұнымен қоса, тағы 17 мемлекетпен осындай келісім жасау көзделіп отыр.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

— Бұл – негізі көп уақыт алатын процесс. Келімсектердің мәселесі алдымен сотта қаралатын. Ал, реадмиссия келісімінің арқасында екі ел арасындағы виза алу барысы жеңілдеп, сол елге азаматын тез арада аттандырамыз. Сондықтан, Еуроодаққа мүше өзге елдермен осындай келісімге келуді қалаймыз.

Дереккөз: Хабар 24

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *