Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бангладеш полициясы лаңкестерге қарсы арнайы операция жүргізді

Дакка. 12 мамыр. Бангладеш полициясы Раджшахи округінде лаңкестерге қарсы арнайы операция жүргізіп, 5 адамның көзін жойды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Құзіретті органның мәлімдеуінше, олар – әке-шешесі, екі ұлы және қызынан тұратын бір отбасының мүшелері. Үшеуі жасақтарға граната лақтырып, бір өрт сөндірушіні өлтіріп, екі тәртіп сақшысын жаралаған. Бұдан бөлек, полицейлер анасымен бірге 2 айлық сәби мен 7 жастағы баланы құтқарып алған.

Ал лаңкестер жергілікті «Джамаат-уль-моджахедин» тобының өкілдері болған. Айта кетейік, өткен жылдың шілде айында лаңкестер ел астанасы Даккадағы дәмханалардың біріне шабуыл жасап, 22 адам қаза тапқан еді. Осыдан кейін елдің қауіпсіздік қызметі содырларға қарсы операцияны күшейтіп, 70-тен астам лаңкестің көзін жойып, жүздеген лаңкесті ұстаған.

Дереккөщз: Хабар 24 телеарнасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *