Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Лондондағы теракт: Жетінші күдікті қолға түсті

Лондон. 12 маусым. Британдық полицейлер Лондон көпіріндегі лаңкестік әрекеттерді тексеру барысында бір апта бұрын болған террорлық әрекетке күдікті жетінші азаматты ұстады, делінген Скотланд-Ярд мәлімдемесінде.

Хабарламада айтылғандай, 19 жастағы жігіт сенбі күні кешкісін Лондонның шығысында қолға түсіп, оған Лондон көпіріндегі «лаңкестік әрекеттің ұйымдастырылуына және жүзеге асырылуына қатысы бар» деген айып тағылып отыр.

Қазіргі уақытта тағы алты азамат қамауға алынды.

Үшінші маусым күні автомобиль Лондон көпіріндегі бір топ адам соғып-жаншып, артынша көліктен шыққан қарулы үш террорист адамдарға шабуыл жасаған.

Айта кетейік, сегіз адам осы лаңкестік әрекеттің құрбаны болған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *