Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ермекбаев: Сирияға кеткендердің 90%-ы опық жеп, істеген ісіне өкінеді

Астана, 21 маусым. Сирияға кеткендердің 90%-ы осы әрекеті үшін өкінеді. Бұл туралы ҚР Дін  істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев халыққа есеп беру кездесуі барысында айтты.

Министр Сирияға кеткендердің мәселесі ведомствоның құзыретіне кірмейтінін түсіндірді. Өйткені олардың көбісінің кету себебі діни сенім-наныммен байланысты емес.

«Бұл адамдар исламның құндылықтарын дұрыс түсінбейді. Елімізде діндарларға барлық жағдай жасалған. Ешкім ешкімді зәбірлемейді. Дінді ұстанушылардың құқығы қорғалған. Діни орындар бар, әрине, еліміздің заңына қарсы болмаса өз әдебиеттерін оқи алады. Ал кетіп жатқандар дінді бұрмалап жүр. Олар заңды бұзуда», — деді азаматтардың сұрағына жауап берген Ермекбаев.

Ведомство басшысының айтуынша, біздің заңымызда шетел асып, лаңкестік және өзге де заңға қайшы қимылдарға қатысып жатқандарға қатысты арнайы норма бар, олар сот шешімімен азаматтығынан айырылуы мүмкін.

«Онда олар үшін кері жол жоқ. Сондықтан кез келген адам лаңкестік ұйымдарға қосылудан бұрын өзін және отбасын отансыз қалдыратынын ойлауы керек. Әдетте, Сирияға кеткендердің 90%-ы кейіннен опық жеп, істеген ісіне өкінеді. Кейбірі қаза табады, кейбірі жазадан қорқып, қайта оралмайды. Бұл – адам трагедиясы. Мұның бәрі интернеттегі уағыздың салдары, таныс адамдар арқылы да насихат жасалып жатыр. Қандай да бір халифатта өмір сүргісі келеді, ол бірақ жоқ. Ондағылар жай ғана қылмыстық топтар, қыз зорлап, ұрлық жасайды, басқа да қылмыстарға барады», — деді министр.

«Өз атымнан айта кететін бір жайт, қызмет бабымен көп жылымды әр түрлі елдерде өткіздім. Барлық жерде кемшілік бар, оның ішінде біздің елде де. Алайда өз Отаныңнан артық жер жоқ. Ең ғажап ел – ол сенің туған жерің», — деп түйіндеді министр.

Дереккөз: Sputnik

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *