Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ирақ ҚК зымыран соққысының нәтижесінде 170 терроршы жойылды

Тегеран. 22 маусым. Өткен жексенбіде Иранның қарулы күштерінің зымыран соққысының нәтиежсінде террористік «Ислам мемлекеті» тобының 170 терроршысы жойылды, деп хабарлады ТАСС.

«Лейлатолгард» («Қыдыр түні») операциясы қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысының (ел басшысы Аятолла Али Хаменеи) бұйрығымен жүргізілді және ИИР ҚК бас штабымен үйлестірілген. Соққы жасалатын нысандар сол жерде – сириялық Дейр-эз-Зора маңында – «Аль – Кудс» күштерімен (ИРСК арнайы жасағы) (Ислам революциясының сақшылар корпусы) алынған мәліметтер негізінде анықталды. Осы мәліметтер келген соң ИИР ҚК Әуе-ғарыш күштері аталған нысандарға «жер-жер» класындағы орта қашықтыққа ұшатын алты зымыранмен соққы жасады», — делінген «Ислам революциясының сақшылары» корпусының мәлімдемесінде.

Операция нәтижесінде терроршылардың едәуір әсери техникасы мен қару-жарақтары жойылды.

Операция маусымның 18-нен 19-на қараған түні жасалып, ол Иран ҚК осындай тұңғыш операциясы болды. Айтылғандай, зымыран соққысы терроршылардың Теһранда 7 маусымда жасаған қылмысына жауап ретінде жасалып отыр. Иран парламенті мен имам Хомейни мавзолейіне жасалған шабуыл нәтижесінде 18 адам қаза болып, 50 адам жараланған.

Иран әскери басшылық өкілі, атап айтқанда ИРСК ресми өкілі Рамезан Шариф, алда осындай операция болуы әбден мүмкін екендігін теріске шығармады.

Дереккөз: ТАСС

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *