Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Иранда «терроризмге қатысы бар» күдігімен 50-ден астам адам ұсталды

Тегеран, 26 маусым. Иранның батысындағы Керманшах провинциясында «террорлық ұйымдарға қатысы бар» деген күдікпен кем дегенде 50 адам ұсталды деп хабарлады жергілікті прокуратура өкілі. 7 маусымда Тегеранда Иран парламенті мен аятолла Хомейнидің кесенесіне шабуыл жасалған. Шабуыл жауапкершілігін экстремистік «Ислам мемлекеті» ұйымы мойнына алған.

«Тегерандағы террорлық шабуылдан бері Керманшах провинциясында террорлық топтармен байланысты 50-ден астам адам ұсталды» деп хабарлады провинция прокуроры Немат Садекиге сілтеме жасаған IRNA агенттігі.

24 маусымда Иранның мемлекеттік БАҚ-тары Иран барлау министрлігінің мәлімдемесін жариялаған. Онда күш құрылымдары ИМ тобымен байланысты делінген, билік «Иранның қасиетті қалаларында терактілер жасауды жоспарлаған» дейтін күдіктілерді ұстағанын хабарлаған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *