Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Барселонаның орталығында лаңкестік шабуыл жасалды

Барселона. 18 тамыз. Соңғы деректер бойынша, 13 адам ажал құшып, 100 шақтысы түрлі жарақат алған.

Оқиға саяхатшылар көп жүретін Каталония ауданында болған. Тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарын лаңкестік болған аумаққа жоламауды ескертті. Қала билігі сол маңдағы метро мен теміржол станцияларын да уақытша жапты. Лаңкестік әрекетті атышулы «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» мойнына алған.

Қаза болғандар мен жапа шеккендер арасында 18 елдің азаматы бар. Ал шабуыл жасаған қаскөй оқиға орнынан із суытып үлгерді. Қазір оны іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Қастандыққа қатысты 1 күдіктінің көзі жойылып, екеуі қамауға алынғаны белгілі. Ал Испанияда 3 күндік аза тұту жарияланды. Жергілікті билік мұны соңғы 13 жылда жасалған ең қанды қырғын деп атады.

Сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі де осы Барселонада қазақстандықтарды сақтыққа шақырып, лаңкестік әрекет болған аумаққа бармауға шақырды. Ал Испаниядағы Қазақстан елшілігінде тікелей желі ашылды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер минитстрілігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов хабарлады.

Дерекккөзі: Хабар телеарнасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *