Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БҰҰ ҚК-де Елбасы ұсынған кодекстің жобасы таныстырылды

Астана. 22 қаңтар. БҰҰ штаб-пәтерінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Лаңкестіктен азат әлемге қол жеткізу тәртібі» кодексінің жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы

Шараға 100-ден астам елдің делегациясы қатысты. Жиынды ашқан еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов кодекстің негізгі мазмұны мен басты мақсаттарына тоқталды. Сондай-ақ құжат лаңкестікке қарсы халықаралық әріптес елдердің одағын құрып, 2045 жылға қарай әлемді одан азат етуді көздейтінін атап өтті.

БҰҰ-ның лаңкестікке қарсы басқарма басшысы Владимир Воронков Қазақстанның ғаламдық қауіпсіздік пен тұрақты даму ісіне күш салып жатқанына жоғары баға берді және де мемлекеттің терроризмге қарсы ғаламдық стратегияны жүзеге асыру шеңберінде Орталық Азияда бірлескен іс-әрекет жоспарын қабылдауға қосқан үлесін атап өтті.

Ал БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енча болса Қазақстан мен ұйымның лаңкестікпен күрес бойынша ұстанымы бір екенін айтып, біздің елдің бастамаларына жеміс тіледі.

Мирослав Енча, БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі:

— Қазақстанның ұсынған жоспары әлемнің басқа аймақтарына үлгі болады деп үміттенемін. Кез келген жағдай дұрыс, саяси шешімді талап етеді. Халықаралық, аймақтық ұйымдар экстремизм мен лаңкестікке қарсы күресте бірігіп, әлемде қарулы қақтығыстардың алдын алу үшін дипломатиямен бірге барлық шараны қолға алуы тиіс. БҰҰ Қазақстанның бұл құнды бастамасын қуаттап, диалогқа ұйымның барлық мүшесінің қатысуын қолдайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *