Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ОҚО-да екі адам терроризмді насихаттаған

Шымкент. 21 мамыр. Түркістан қаласы мен Сайрам ауданында діни радикалдық аудио және бейнежазбаларды таратқаны үшін 2 азамат ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ОҚО ІІД және ОҚО бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Түркістан қаласы мен Сайрам ауданында діни радикалдық мазмұндағы аудио, видеожазбаларды таратқаны үшін 1990 және 1995 жылы туған 2 азаматты ұстады. ОҚО ІІД-де терроризмді насихаттау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  Департаменттің Тергеу басқармасы қажетті барлық тергеу іс-шараларын жүргізуде», — делінген хабарламада.

Күдіктілер қамауға алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *