Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жалған қоңырау шалу жарға жығады

Ақтау. 31 мамыр. Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, маңғыстау ауылында жұмыссыз жастарына арналған ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Оған Маңғыстау облыстык ДІБ-ның ақпараттық талдау орталығының исламтанушысы Н.А. Базарбай мен ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру бөлімінің  маманы Ж.Калмурзаев қатысты.

Кездесуде «Жалған хабарламалар үшін қылмыстық жауапкершілікті ескерту», «2018-2022 арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама» туралы баяндалды.

Атқарылып жатқан шараның мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту туралы мәлімет беру, дін мәселелері жөнінде жастардың діни сауатын арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу,  жастардың жалған діни ұйымдарға кіріп кетпеуінің алдын-алу.

Түсіндіру жұмыстарының барысында дәстүрлі діндердің құндылықтарына кеңінен тоқталып, мағлұматтар берілді.

Ақпарат Маңғыстау облысының дін істері басқармасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *