Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Екі ақтөбелік терроризм айыбымен сотталды

Ақтөбе. 1 маусым. Ақтөбе қалалық соты «терроризмді насихаттады» деген айыппен Е. С. алты жыл алты айға, А. Д. алты жылға бас бостандықтарынан айырды. 27 жастағы жұмыссыз Е. С. «терроризмді насихаттады» (Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлімі) және және «діни алауыздық туғызды» (Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлімі) деген айып тағылған. С.тың құрдасы, Ақтөбе феррорқорытпа зауытының бұрынғы жұмысшысы А. Д. «терроризмді насихаттады» деп айыпталған.

Соттың мәліметінше, тергеу айғақ ретінде сотқа аудио жазба мен оның стенограммасын ұсынған. Аудио жазбаға Астана қаласында діни-филологиялық сараптама жасалған. Оны Е. С.тың адвокаты Айбек Қоянбаев растады.

— Үш адам сөйлесіп тұрады. Сөйлеп тұрған негізінен сот мәжілісі кезінде куә ретінде жауап берген Жаңабаев есімді азамат. Ал С. пен Д. оның сөзін «иә» , «солай» деп тыңдап тұр. Бірақ сарапшы С. пен Д.ты «терроризмді насихаттаушы» етіп шығарған да, үшінші адам куәға айналып шыға келеді. Біз сараптамамен де, сот үкімімен де келіспейміз. Апелляциялық шағым түсіреміз, — дейді адвокат Қоянбаев.

Сотталушыларға үкімді түсіндірген Ақтөбе қалалық сотының судьясы Ерлан Бақытжан:

— Сіздер куәға қысым жасалғандықтан ол жалған сөйлеуге мәжбүр болды деген едіңіздер. Сот бұл сөздеріңізді қорғанудың тәсілі деп бағалады, — деді.

Үкім оқылып болысымен Е. С.тың анасы судьяға:

— Арандатушыны неге жазаламайсыздар?! Оны жұрттың бәрі біліп отыр. Спектакль жасап отырсыздар!» деп айқайлады.

Сотталушылардың өзге туыстары үкімге риза еместігін, апелляциялық шағым жазатындарын айтып жатты.

Ақпарат көзі: Радио Азаттық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *