Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтөбеде сотталғандармен теологиялық жұмыс бойынша семинар өтуде

Ақтөбе. 18 маусмы. Ақтөбеде сотталғандармен теологиялық жұмыс бойынша семинар өтуде, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ІІМ Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес аясында Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауына сәйкес, діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің өзектілігіне байланысты 2017 жылы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде теологиялық сауаттандыру жұмысын ұйымдастыру бойынша штаттық бірліктер енгізілген болатын.

Батыс өңірінің, яғни Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының Теологиялық сауаттандыру жұмысын ұйымдастыру бөлімдерінің қызметкерлері мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психологтарын оқыту мақсатында ІІМ Ақтөбе заң институтында сотталғандар арасында теологиялық сауаттандыру жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өңірлік оқыту семинар-тренингі өтіп жатыр.

Екі күн бойы ҚАЖ қызметкерлеріне Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен ресми дін өкілдері баяндамаларын оқиды.

Пенитенциарлық жүйенің қызметкерлері аталған саладағы өзекті мәселелерді талқылап, сотталғандармен теологиялық сауаттандыру жұмыстары жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды зерделейді, сондай-ақ практикалық сабақтарда алған тәжірибелерін қолданады.

Алдағы уақытта ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мұндай тренингтерді Қостанай, Алматы академиялрында және ҚР ІІМ-нің Павлодар оқу орталығында өткізуді жоспарлап отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *