Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу

Петропавл. 27 маусым. Петропавлдағы  достық үйінде діни экстремизм және терроризмнің алдын алу тақырыбында семинар өтті. Жиынға құқық қорғау саласының қызметкерлері, дін істері жөніндегі басқарманың өкілдері сонымен қатар, көршілес Көкшетау, Астана қаласынан келген теологтар қатысып, діни экстремизм және  терроризммен   күрес  жолдарын үйреніп білімдерін одан әрі шыңдауға мүмкіндік алды. Толығырақ Qyzyljar тілшісі тарқатады.

Мұндай семинарлар жылына екі рет ұйымдастырылады. Ия расында да, бүгінгі күні діни экстремизм мен терроризм әлемдік қоғамдастықты қатты алаңдатып  отырған мәселелердің біріне айналды. Сондықтан, осындай семинарлардың өткізіліп тұрғандығы маңызды дейді- дін істері жөніндегі басқарманың мамандары.

АСЛАН ӘЛІПБАЕВ, СҚО ДІН ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАНЫҢ БАС МАМАНЫ:

— Семинарға республикалық ақпараттық түсіндіру топтарының мүшелері қатысып жатыр. Бұл семинардың басты мақсаты- бұл мамандардың біліктілігін арттыру дін саласындағы олардың барлық білімдерін, біліктіліктерін арттыру болып табылады. Себебі  бүгінгі таңда дін саласындағы жалпы ахуал СҚО-да бір қалыпты бірақ та барлық болып жатқан өзгерістерге дайын болуымыз қажет.

Бүгінгі күні жастардың басым бөлігі ағымдардың деструктивті әсеріне көптеп ұшырайтыны мәлім. Осыған орай, шара барысында, Ақмола облысынан келген Гүлнұр Сатыбалдина осы тақырып бойынша шағын бейнеролик дайындапты.

ГҮЛНҰР САТЫБАЛДИНА, КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ТАЛДАУ  ЖӘНЕ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ:

— Бұл топтар экстремистік және террористік ұйымдар үшін қолайлы. Бұл жерде бірнеше факторды ескеру қажет. Біріншіден жастар, екіншіден олардың діни тұрғыда сауаттылығы шалағай үшіншіден еліктегіш болып келеді.

Семинар екі күн жалғасады. Жиын соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталмақ.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Ақпарат көзі: Qyzyljar

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *