Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Дағыстанда банда басшысы жойылды

АСТАНА, 3 қыркүйек. Дагестанда террорға қарсы операция кезінде, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне шабуыл жасан банда басшысы бейтараптандырылды, деп Ұлттық антитеррорлық комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҰАК мәліметтері бойынша, 1 қыркүйекте Дағыстандағы Хасавюрт ауданында террорға қарсы операция шегінде 20.10-да іздеу жұмыстары кезінде Тотурбийкала ауылынан оңтүстік-батысқа қарай екі шақырымдай жерде орман алқабында федералды іздеуде болған банда мүшесі табылды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қару-жарағын тастап, билікке қарсылықсыз берілуін талап еткен кезде, ол автоматты қарудан от жаудырды.

Тез өткен шайқаста қылмыскер бейтараптандырылды. Оның шығу тегі анықталды — 2018 жылдың шілдесінде Кизилюрт ауданындағы Стальское ауылының жанындағы жол полициясы қызметкерлеріне шабуыл жасаған, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен азаматтық тұлғаларды өлтіру мен көптеген шабуылдарға қатысы бар банданың бұрынғы басшысы Абас Хубаев », — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқиға орнында автомат, тапанша және оқ-дәрі табылды. Азаматтық тұрғындар, құқық қлрғаушылар арасында зардап шеккендер жоқ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *