Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Ыстық номерi

+77010222030

Әзербайжанда теракттарды әзірлеген радикалдар жойылды

АСТАНА, 07 қараша. Әзірбайжан қауіпсіздік күштері радикалды діни ұйымның екі мүшесін жойды. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап Zakon.kz хабарлады.

Операция Әзербайжанның екінші ірі қаласы — Гянджа қаласында өтті.

«Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі радикалды діни-экстремистік топтың мүшелері қару мен жарылғыш заттарды сатып алып, елдегі террористік актілерді жасауды жоспарлап отыр деген ақпарат расталғаннан кейін шұғыл операциялық шараларды бастады», — деді Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің байланыс бойынша орталығында.

Операция барысында күдіктілердің автокөлікті тоқтатылды. Тексеру кезінде радикалдар қарулы қарсылық көрсетуге тырысты, олар жойылды. Олардан бірнеше тратил құтылары, қол гранатасы мен Калашников автоматы табылды.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, жедел іздестіру шаралары жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *