Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Діни экстремизм идеологиясына шырмалған жастарды теологиялық жағынан оңалту тиімді – Кеңшілік Тышқан

Қазіргі кезде діни экстремизм мен терроризм қауіпі барша әлемді алаңдатып отыр. Ондай қауіп-қатермен еліміз де барынша күресуде. Дегенмен экстремизм атаулының белгілі бір идеологиядан басталатыны баршаға мәлім. Ендеше олар нақты қандай идеяларға сүйенеді, радикалдар өз идеялары мен идеологиялық күрес жолын қалай өзгертіп отырады?

Осындай бірқатар сауалдарға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Дінтану» кафедрасының меңгеушісі Кеңшілік Тышқан мырза Caravan.kz медиа-порталына берген сұхбатында жауап берді.

— Діни экстермизм идеологиясы бойынша біз біле бермейтін қандай теологиялық ерекшеліктері мен өзекті мәселелері бар?

— Экстремизмнің теологиялық ерекшеліктері дегенде, жалпы қазір әлемдік саясатта экстремизм, терроризм деген дүниелер жасалып жатыр ғой. Олардың саяси қыры басымырақ. Мысалы, Сириядағы жағдай, Ирактағы, Шешенстандағы жағдайларда саяси бояу басымырақ. Бірақ, біздің жастардың кетіп жатқан себебі сол саясатқа қолшоқпар болайын деген мүддеден емес. Олар теологиялық жағынан адасып жатыр. Яғни, теологиялық ерекшеліктері деп отырғанымыз сол. Ол жерде сенімдік ерекшелік бар. Исламның ақиқаты, ақида деген сенім, шынайы ақида, таухид деген сияқты нақты бір дүниелермен адасып жатқан жағдайлар. Яғни, біздің жастар нақты бір саясаттың ықпалымен емес, жалпы дін үшін, дін жолы, діни сенім, құдайға деген таза бір құлшылық түрі деген сияқты сеніммен теріс жолға түсіп кетіп жатыр. Яғни, ниеті дұрыс, бағыты теріс болғанын айтып отырмыз. Теология деген сол. Теологиялық ерекшеліктері дегенде қандай ерекшеліктері бар? Ол жердегі өзгешелік: бір бірін тану үшін, бір бірін тарту үшін теологиялық ерекшеліктерді пайдаланады. Теологиялық проблема ислам әлемінде бұрынан бар. Көптеген ағымдар бар, шииттер бар, сүниттер бар олардың өзінің теологиялары бар. Теология бұрыннан бері келе жатқан дүние. Ал қазір сол теологиялық қайшылықтарды жастардың арасына, діни сауаты төмен адамдардың ортасына салып, «сен анда, сен мында» деген сияқты алауыздық тудырып жатқан жағдайлар бар. Теологиялық ерекшеліктер деген сол. Сол үшін көбіне экстремизмге кіріп кеткен жастарды теологиялық жағынан оңалту тиімді болып тұр. Өйткені бірінші олардың көзқарастарын өзгерту керек. Ханафиттік бағыттағы ерекшеліктерге, сүннитік бағыттағы ерекшеліктерге қайшы келмейтіндігін түсіндірген кезде кейбірі шынында да түсініп жатыр.

— Ал діни сауаты бар немесе орта деңгейде хабардар жандардың да теріс бағытқа түсіп кетуі мүмкін бе?

— Мүмкін, себебі теология деген мәселе сенімділік мәселесі. Ол әркімнің жүрегінде бар дүниелер. Бірақ нақты қолмен ұстап, көзбен көрсету қиын болғандықтан көптеген адамдардың кейбір кездері ішкі көзқарастары өзгерістерге ұшырап, тіпті діни білімі бар, белгілі бір деңгейдегі сауат ашу деңгейіндегі жастардың кетіп қалып жатқан жағдайлар кезігеді. Өйткені бұл жерде эмоция қатар жүріп отырады. Ислам әлемі, мұсылмандар осындай жағдайда деген сияқты қосымша қуат, кішкене энергия, мотивация беріп, «мына сүннитік әлем қауқарсыз, өйткені олардың сенімділігінде бидғалар бар, пәлен-түген, жаңа элементтер бар, егер осы дінді кіргізсек ислам әлемі күшейеді және ислам халифатын құрамыз» деген сияқты көптеген дүниелерді қосымша эмоциямен бірге бергеннен кейін олар шабыттанып, «иә, шынымен де біздің проблемамыз шешілмейді, біз кәпірлердің қолындағы билікті тартып алуымыз керек» деген сияқты ұрандарға еріп кетіп жатады.

— Экстремизмге қарсы мемлекет тарапынан күрес жүргізілген сайын діни радикалдар өзінше имунитет қалыптастырып, идеологиялық күрестің жолын өзгертіп отыр ма, әлде әлі де ескі идеаларды ұстана ма немесе басқа нұсқаларын қолға алып отыр ма?

— Жалпы идеологиялық ағымдардың лидерлері көбіне шетелдерде бақылау жасап отырады. Бізде кей кезде шетелге кетіп оқып кеткен, сол жақта білім алған, әр түрлі әлеуметтік желілерде отырып уағыз таратып отырған адамдар ұсталып жатыр. Олар идеологиялық жағынан әлсіреуі мүмкін. Бірақ олар енді басқа жолдарын қарастыруы әбден мүмкін. Кей жағдайда олардың өздерінің ішінен ірткі туып кетіп жататын жағдайлар болады. Мысалы, бір ғалым орынсыз бірдеңені айтып қалады да, халық оны мойындамай басқа ғалымның соңынан еріп кетеді. Сол сияқты өздері сан саққа бөлініп жатқан жағдайлар бар. Бірақ олардан «біздің ақидамыз қате екен, сеніміміз жойылып кетті, енді діни басқармаға бағынайық» деп жатқан адам көрген жоқпын. Сондықтан олар біреуі, болмаса екіншісі немесе өз арасынан жаңа әмірші тағайындап алып, соның уағызын тыңдап, өздерін күшейте беруге тырысады.

— Діни экстремизм идеологиясына, идеяларына ең бірінші қандай адамдар илігеді, қандай жандар ереді.

— Енді оның факторлары өте көп. Жалпы бізде адамдардың діни сауаттылығы өте төмен. Халық ретінде, мемлекет ретінде елдің діни сауаттылығы өте төмен. Оған алдыңғы тарихымыз, өзге де факторлар әсер етті. Сондықтан діни құлшынысы бар болсын, жоқ болсын кез келген адам еніп кету мүмкін. Мысалы, біреу таксиге отырып қалып естиді. Кейбір адамдар жол тосып тұрып, бір бірінен естиді. Олардың ағымға өту факторлары әртүрлі. Көп жағдайда әлеуметтік жағдай, жалғыз отбасында тәрбиеленген жағдайлар, жұмыссыздық себеп болып жатады. Мешітке барады, намаз оқи бастайды. Сол жерде ағым өкілдерін кездестіреді. Олар «шай ішейк, жүр» деп іші-бауырына кіріп, ертіп алады. Бір ғана нақты фактор бар деп айту қиын. Біреулер телефондағы уағыздарды тыңдап отырып қосылып кеткен, біреулер ютубтағы видеоларды көріп отырып кірген. Дегенмен бізде алдыңғы фактор ретінде діни сауатсыздық пен әлеуметтік фактор қаралып отыр.

— Оларды бақылап отырғандар шетелде отыр деп айттыңыз. Ақпарат заманында олармен байланыс жасауды мүлдем тиып тастау мүмкін бе?

— Қазір прокуратура бар, Қоғамдық даму министрлігі бар, арнайы органдар бар олар барлығын арнайы мониторинг жүргізіп, бақылап отыр. Әлеуметтік желілерге, сайттарға тағы басқа көптеген дүниелер анықталған бетте бұғаттауға тырысады. Бірақ біреуін жапсаң, екеуі ашылып жатқан заман ғой қазір. Ақпараттық заман, сондықтан барынша күрес жүргізіліп жатыр. Бірақ көбіне домендер шетелде болғаннан кейін оларды бұғаттау, сайтты жауып тастау кейде қолдан келмей жатады. Жалпы мүлдем тиып тастау қиын болатын шығар. Бірақ дегенмен қазір әлсіреді деп айтуға болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *