Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркия Сириямен шекарасын күшейте бастады

Астана, 24 желтоқсан. АҚШ президенті Дональд Трамп Сириядағы америкалық әскерилерді шығару жоспарын жариялаған соң Түркия Сириямен шекарадағы әскери әлеуетін күшейте бастады. Шекараны күшейту шаралары Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 23 желтоқсан күні Дональд Трамппен телефонмен сөйлескеннен кейін басталды. Екі ел басшылары Сириядан АҚШ әскері шығарылған соң бұл елде күштердің тепе-теңдігі сақталып тұруы үшін әскери және дипломатиялық іс-қимылдарын үйлестіріп отыруға келісті, деп Азаттық радиосы хабарлайды.

 Reuters агенттігінің куәгерлерге сілтеме жасап хабарлауынша, түркиялық жүздеген әскери көлік Түркияның Хатай провинциясынан оңтүстіктегі Сириямен шекаралас Килис провинциясына қарай жолға шыққан. Түркияның IHA ақпарат агенттігі түркиялық әскери техникалар легі 23 желтоқсанға қараған түні Сирия шекарасынан өткенін хабарлады.

Түркия әскери басшылығы әскери техникалардың Сирияға өткені туралы ақпаратқа түсінік бермеді. АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-дегі парақшасында Ердоғанмен бірге «Сириядағы АҚШ әскерін біртіндеп және өзара келісе отырып шығару» жайын талқылағанын жазды. АҚШ әскері Сирияда күрдтердің арнайы пешмерга жасақтарымен бірге «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы содырларымен соғысып жатқан. Анкара пешмерга жасақтарын Түркия аумағында астыртын күрес жүргізіп отырған күрд бүлікшілерінің «террорлық қанаты» деп сипаттайды.

Дональд Трамп 19 желтоқсан күні Сирияда «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы соғыстағы «тарихи жеңістен кейін» барлық америкалық әскерилер «отанына қайтатынын» мәлімдеген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *