Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Псевдосалафизмді жеңетін тарихи сана

АСТАНА, 29 қаңтар. Жарас Ахан. Қазіргі әлемдегі болып отырған діни-саяси ахуал тұрақты емес екенін, оған түрлі саяси-экономикалық астыртын күштердің жағымсыз әсер етіп отырғаны жалпы халыққа белгілі жағдай. Таяу шығыс елдерінде орын алған діни экстремистік топтардың елдер ішінде ылаң салып, бүлік шығарғаны, одан қаншама жазықсыз азаматтардың жапа шеккені ақиқат жағдай. Бұл жағдайлардың оңынан шешілуіне  Елбасының рөлі өте жоғары болғанын бүгінгі тарих растап отыр. Дейтұрғанмен кейбір теріс идеялардың жастардың санасына сынамалап еніп отырғаны әліде жағдайды ушықтырмаса жақсартпайтыны анық. Елімізде жүздеген, мыңдаған  азаматтарымыздың  әлі де болса  жалған ағымдардың жетегінде жүргені белгілі жағдай.

Бүгінгі ел арасында радикалды іс-әрекеттерге итермелеп отырған псевдосалафилердің (уахабилердің) теолог мамандардың пікірінше «идеялық тартымдылығы» тоқтар емес. Мұның соңы діни дүрдараздықтың тоқтамайтындығын білдіреді. Өңірлердегі Дін істері басқармаларының жыл сайынғы есептеріне назар салсақ, бүгінгі оңалту саласындағы атқарылып жатырған жұмыстардың нақты күрес болғанымен нәтижесі көңіл көншітерлік емес (мысалы өңірлердегі оңалту орталығы тарапынан жылына 100 теріс ағым мүшелері оңалтылса, теріс ағым мүшелері сонша азаматты өз қатарларына қосып  алуда, мұны псевдосалафилер санының азаймағынан да байқауға болады).

Бұл күрес жұмыстарының барысы оңды болғанымен, нәтиженің елдік, ұлттық мүддеге пайдалығында болып отыр. Елдегі діни экстремизммен күресте шет елдік теріс ағым жолындағы ұстаздың(шейх) діни түсінігіне өзге шет елдегі басқа бір ұстаздың түсігінімен жауап беру орын алған. Бұл түптеп келгенде ұлттық мүддені түгендемес. Бұл радикалды ағымдармен күрестегі мамандардың да рухани жаңғыруы қажеттігін туындатады.

Ол үшін өзіміздің төл ұлттық жобамыз тарихи санамен ғана қарсы тұрып, жоғымызды түгендей алмақпыз деп санаймын. Псевдосалафизмге қарсы идеялық тартымдылықтың орнын тарихи сана алмастыра алатынына сенімім мол. Өйткені генеологиялық жады ұрпақтың санасында болады және әрқашан жаңғыруды күтіп, бұғып жатады. Елбасымыз, Н.Ә.Назарбаевтың да рухани жаңғыру бағдарламасында айтпағы осы деп ұғам.

Халықтың ұлттық болмысы мен ғылымға деген ынтасын, махаббатын оның рухын ислам арқылы тәрбиелеуге болады. Сонда оның ұлттық ойлауы имани деңгейге, ғылымға құштарлығы екідүниелік ойлау болмысына айналады. Сол кезде ондай ұрпақты ешбір күш тоқтата алмайды деп сенем. Себебі дінде қаттылық бар. Санамыздың нағыз тәуелсіздігі осы жерден басталатын шығар.

Мәселе тәпсірде

Мәселе исламда емес, оны тәпсірлеушілерде болып тұр. Ұлттық болмысты имани деңгейге де көтеруге болады. Ол үшін жастардың генеологиялық жадын жаңғыртып, ұлттық жолымызды исламмен тәпсірлеу ләзім. Мұны жасай алмасақ, ұлтты қазіргі жаһандану жағдайында сақтапта қала алмаймыз. Өйткені дінде қаттылық бар. Ол қаттылық ұлттық болмыста әр қазақтың санасында орын алса, болашақ қорқынышсыз жарқын болады сенем. Бұл жастардың рухын ғылымға итермелеуге де қатысты.

Біз көбінесе еуропаның ғылым жүйесін басшылыққа алуға тырысамыз. Ал ол жүйенің қазақ философиясында да, ислам философиясында да бар екенін ұқпаймыз немесе мойындамаймыз. Бұл әр азаматтың ұлттық болмыс пен исламнан хабары жоғынан (шын мәнінде бар, бірақ санасы жаңғыртылмаған).

Шын мәнінде исламда  ұлттық рухты имани деңгейге көтеретін де, адамның рухын ғылымға баулып, итермелейтінде орасан зор күш бар. Оның шешімі тәпсірде. Тәпсіршінің өзінің санасы төмен, білімі таяз, көкірек көзі ашылмаған болса, онда оның ойынан діни араздықты қоздыратын, радикалды, санасыз дүниелер шығады. Исламның сыртқы қалыптан гөрі ішкім мәнге түскенін түсінбей келеміз.

Шәкәрімше айтқанда: «сырт тазасы не керек, тазарт әуел ішіңді». Қазақтың жаңғыруының түпнегізі осыда жатқан сияқты. Ішкі күш, ішкі мән. Ойлау деңгейін арттыру. Қасиетті құранның өзінде Аллатағала айтпайма: «Мен құдыретімді адамдар арқылы» көрсетемін деп. Тарихта ислам әлемі неге ғылымның биік шыңына шығып(сол кездің дәуірінде), классикалық ислам деген атпен танылды. Ал батыс сол ғылымды латын сөзіне аудара салды. Солай әрі қарай жалғастырып ала кетті. Мәселе Құдай жоқтан бар жасаса, біз бардан бар жасау керекпіз (ата бабалар сөзі). Тек кішкене саналы ойлап, тек ойлап ғана қоймай, ойымызды нақты материалдық жетістік құралға айналдыра алсақ болды. Құдайдың кереметін ғылымға ұмтылып, ғылым арқылы көрсетсек болды. Шын мәнінде білетіндеріңнен білмейтінің көп демей ме қасиетті Құранда. Сондағы нақты түйін Алланың құдыретін ғылым арқылы ашып, оны халқыңның пайдасына ыңғайлау.

Мәселе тағы да тәпсірге тірелетіні туралы данышпан Шәкәрім бабамыз былай дейді:
«Жаман тәпсір жайылып жер жүзіне,
Дін десе тұра қашты есті азамат.
Бар обалы олардың тәпсіршіде,
Адасып нұрлы аятқа жағыпты тат.
Ол қатені түзеткен әлімдер көп,
Соның сөзін оқысам боламын шат.
Қиянатың бар болса — иманың жоқ.
Маған десе мың жылдай қыл ғибадат».

Псевдосалафизмді жеңетін — Тарихи сана дедік. Қазіргі айтыс- тартыспен псевдосалафизмді түбегейлі жеңеміз деу бекершілік. Кез келген қауіпті идеологияға қарсы қуатты идеологияны ғана қарсы қойып, ойылған олқылықтың орнын толтыра аламыз. Ол идеологияның аты — «Тарихи сана». Қазақтың дала философиясына арқа сүйеген әдебиет. Осы екеуі ислам (ханафи мазхабы, матуриди ақидасы) дүниесімен астасып жатуы қажет. Қалған тірліктің бәрі уақыт пен шығынды босқа өлтіру. Генеологиялық жады деген түсінікті ғылым бар. Жасұрпақтың санасында ата бабаларынан сіңген ұлттық жады бар. Біз соны қозғай білуіміз қажет. Ол үшін тарихи кинолар мен елден «ислам+ұлттық тарих+ әдебиет» ғылымын меңгерген шешен ғалымдарымызды қаржыландырып, қоғамға қоя беруіміз қажет. Әрқайсысы мыңдап орта жинап, бәрі бір арнаға қазақ санасын топтастыра алады. Ол үшін жүйелі қаражат пен нақты мемлекеттік қолдау қажет.

Ұлттық рух

Бүгінгі ел арасын ылаңдай бүлдірген жат идеологиялардың негізі сырттан таңылғандықтан, оған қарсы күш ұлттық болмыс екенін тағы да ұғамыз. Халықтың рухын билер жат идеологияларға ұлттық құндылықты ғана қарсы қоя аламыз. Мемлекет халықтан құралады. Халық Құдайдың бір аты деген қазақ. Демек, сыбызғының өзінің негізін іздеп ыңаранғаны секілді, халықта өзінің негізін іздеп шатасумен болмақ. Шатаспаудың ең дұрысы өз негізінен рухани суару ғана. Біз бұдан сыртқы болмыстың ішкі мәнге байланысын ұғамыз. Ал, ішкі мәннің өз негізінен ғана нәр алатын бағамдаймыз. Бізге белгілісі осы байланысты ретпен үйлестіргенде ғана халықтың өз жолынан таңбайтыныны. Қазақ ұғымында «сергек болу, тың болу» деген ұғымдар орын алған. Бұның тән емес жанға ғана байланысты екенін көреміз. Демек адам жанының бойында құндылықтар аумасқанда жанды билер рух қалыптаспақ. Ол рух қайдан келді, бұл өте маңызды. Енген рухтың әсерінен адам санасы не тың, не ұйқыда болмақ.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *