Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сарапшы жанкешті-лаңкесті райынан қайтару жолын көрсетті

АСТАНА, 1 ақпан. Террористерге қосылған, жанкешті құрбан болғысы келетін адамды бейбіт өмірге қайтару өте қиын. Бұл ретте оған көмек көрсетуде ең жақын адамдары мен туыстары маңызды рөл атқарады.

Бұл туралы «Бүгінгі Шешенстан» порталына берген сұхбатында антитеррор бойынша маман, Ресей заңгерлер ассоциациясының мүшесі Шамиль Эльмурзаев айтып берді, деп жазады IslamNews.

Сарапшының айтуынша, экстремистік топқа түскен адамды райынан қайтаруға оның отбасы не жақын адамдары көмектесе алады. Дәл осы адамдар ғана оның өмірге керек екенін сезіндіре алады. Шамиль Эльмурзаев жанкешті-лаңкестердің мәселесі олар өздерінің өмірде керексіз сезініп, өлімге ұмтылуында екенін атап кетті.

Ол сондай-ақ өзіне қол жұмсаушы мен жанкешті адамдардың ортақ тұсы – екеуі де психоэмоциялық стресс жағдайында болады және бұл тұңғиықтан шығу жолдарын білмейтінін жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *