Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирияда ИМ ондаған бейнежазбаларын дыбыстаған содыр ұсталды

АСТАНА, 18 ақпан. «Демократиялық Сирия күштері» коалициясының қарулы күштерінің әскерлері республика территориясында «Ислам мемлекеті» террористік тобының үгіт-насихаттық клиптерін ағылшын тілінде дыбыстаған содырын ұстады. Бұл туралы The New York Times газетіне сілтеме жасай отырып ТАСС хабарлайды.

Басылым хабарлағандай, бұл шығу тегі африкалық 35 жасар Канада азаматы Мұхаммед Халифа. Ол қаңтар айында тұтқынға алынды. Газеттің хабарына сүйенсек, Халифа бірнеше ондаған аудио және бейне жазбаларды дыбыстаған. Олардың қатарында содырлардың тұтқынға алынғандардың жазалаған бейнелері де бар, олардың ішінде сирия әскеолері, американдық репортер Джеймс Фоули және иорданиялық ұшқыш Муаз Юсеф аль-Касибиан.

«Оның дауысы ағылшын тілінде ИМ-тін (Қазақстанда тыйым салынған) насихаттағандардың ішіндегі ең танымалсы», — деп Лондондағы Корольдік колледждегі радикалды көзқарастардың таралуын зерттейтін орталығының аға ғылыми қызметкері Чарльз Уинтер мәлімдеді. Жарияланым бұл жазбалар Халифамен дыбысталғанын көрсететін үш тәуелсіз сарапшының, сондай-ақ американдық лауазымды тұлғалардың пікіріне негізделді.

Басылымда айтылғандай, терроризмге қарсы күрес саласындағы сарапшылардың пікірінше, «Ислам мемлекеті» содырларына үгіт материалдарын жазу үшін ағылшын тілінде акцентсіз сөйлейтін адамдар өте қажет болды. Газетке берген сұхбатында Халифа, ол істегеніне өкінбейді деді. Қазіргі уақытта ол Сирияда ұсталып отыр.

Халифа Сауд Арабиясынан Канадаға бала кезінде көшіп келген. Торонто университетінде оқыды. Ол Сирияға 2013 жылы келді және көп ұзамай ИМ тобының қатарына қосылды. Ол сондай-ақ лаңкестердің тарапынан соғысқа қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *