Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирияда атыс-шабыс қайта басталды

АСТАНА, 11 наурыз.Ефрат өзенінің шығысындағы Багуз елді мекенінде АҚШ қолдайтын коалиция жасақтары лаңкестерге қарсы әскери операциясын қайта бастады, деп хабарлайды 24.kz.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, содырлардың үкімет әскеріне өз еркімен беріле алатын мерзімі аяқталды. Атыс-шабыстың кесірінен Багуз қаласы көк түтінге оралды.

Естеріңізге салайық, соңғы бірнеше аптада аймақтан 10 мыңға жуық бейбіт тұрғын қауіптен құтқарылды. Қалада әлі де 4 мың әйел мен бала, сонымен қатар шамамен 500 содыр бар. Айта кетейік, Багуз – Сириядағы «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» бақылауында қалған соңғы өңір. Оны азат етуде бейбіт тұрғындарға зияны тимеу үшін әскери операция баяу жүріп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *