Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Полиция: Нидерландтағы атыстың лаңкестік себептері болуы мүмкін

АСТАНА, 18 наурыз. Нидерланд полициясының мәлімдемесіне сілтеме жасаған РИА Новостидің хабарлауынша, Утрехт қаласындағы атыс кезінде үш адам қаза тауып, 9 адам жарақат алған.

«Полиция бүгін таңертең (дуйсенбі – басылым) Утрехте болған атысты тергеп жатыр. Тергеу барысында террористік себеп те қарастырылады», — деп Twitter-дегі парақшасында полиция хабарлады.

Мэр Ян ван Заненнің айтуынша, үш адамның жағдайы ауыр. Құқық қорғаушылар террористік себеп нұсқасын ең сендірерлік деп ұстанады. Мүмкін, шабуылға бір қылмыскер емес, бірнеше адам араласқан, деп жергілікті БАҚ-да оның сөзін келтірді.

Атыс трамвай аялдамасы жанында болды. Агенттіктің мәлімдеуінше, болжамды шабуылшы бостандықта жүр.

Нидерланд полициясы оқиғаға қатысы бар Түркия тумасын іздестіруде.

Нидерланд билігі, атыс болған Утрехт провинциясында террорлық қауіптілік деңгейін ең жоғары деңгейге көтерді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *