Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Малайзия мен Жаңа Зеландия терроризмге қарсы бірігіп күреседі

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз. Малайзия мен Жаңа Зеландия үкіметі Крайстчерч қаласында болған терактіден кейін терроризмге қарсы күресте бірлесе әрекет ету туралы шешім қабылдады, деп kazislam.kz сайты жазады.

Кеше Жаңа Зеландия вице-премьері Уинстон Питерс Малайзияға екікүндік сапармен келді. Ел астанасы Куала-Лумпур қаласында Уинстон Питерс әріптесі Ван Азиз Ван Исмаилмен кездесті.

Екіжақты әңгімелесуден кейін Малайзия вице-премьері баспасөз конференциясын жасап, Питерске Малайзия үкіметі атынан 51 адамның өмірін қиған қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты.

«Біз терроризмге қарсы күресті барынша тиімді жүргізу үшін екіжақты қатынасты нығайту мәселесінде консенсуске қол жеткіздік», — деп мәлімдеді Малайзия вице-премьері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *