Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр.  Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жалған хабарлама берудің жауапкершілігі туралы еске салды, деп жазады ҚазАқпарат.

Жалған терроризммен күрестің тиімді жолы — ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына, яғни терроризм актісі туралы жалған хабарлама бергенге 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру не шектеу немесе 12 миллион 600 мың теңгеге дейін айыппұл салу қарастырылған. Сондай-ақ, қойылған бомба не басқа да жарылғыш заттар туралы «әзіл» үшін түзету жұмыстарына тартылады.

«Аталған фактілерге жол бермеу үшін ауқымды ақпараттық жұмыстар жүргізіледі. Террористік тұрғыда осал объектілерді тексеру барысында мекемелердің басшыларына және қызметкерлеріне оқыту іс-шараларын ұйымдастырамыз. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлармен студенттер ортасында, орта мектеп оқушыларының ата-аналары арасында терроризм актісі туралы жалған хабарламаға және құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі», — деді Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция майоры Руслан Мұхамбетжанов.

Сол сияқты, полицейлер кез келген басқа қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы жалған хабарлама үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын да есккертеді.

Арнаулы қызметтерді жалған ақпарат бойынша шақырғандарға 75 мың теңгеден астам айыппұл салынады.

Полицейлердің айтуынша, былтыр Солтүстік Қазақстан облысында терроризм актісі туралы жалған хабарлама берудің 10 дерегі тіркелді. Олардың барлығы ашылып, ұсталғандар мәжбүрлеп емдеу шараларынан бас бостандығынан айыруға дейінгі түрлі жазаларға тартылды. Биыл осындай бір факті тіркелді, ол бойынша процестік шешім қабылданды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *