Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым. Ресей президенті Владимир Путин Ресей терроризмді қаржыландыру көздерін оқшаулау бойынша Бразилияның бастамасын қолдайтынын мәлімдеді,деп хабарлайды Федеральное Агенство Новостей.

Путин жапонның Осакасындағы G20 саммитінде БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка) елдерінің көшбасшыларымен кездесуде тиісті мәлімдеме жасады.

Ресей президенті Мәскеу Бразилияның Халықаралық терроризмді қаржыландыру көздерін оқшаулау жөніндегі бастамаларын іске асыруға қатысуға дайын екенін атап өтті.

» Терроризмді қаржыландыру көздерін оқшаулау, экстремизмді насихаттаудың жолын кесу бойынша өзара іс — қимылды нығайтуға бағытталған Бразилия төрағалығының (Бразилияның БРИКС төрағалығы—  редакция ескертпесі) пайдалы бастамаларын оң тұрғыда атап өткім келеді. «, — деді Ресей көшбасшысы.

Путин Ресей Бразилиялық серіктестердің барлық осы бастамаларын қолдайтынын және «оларды бірлесіп жүзеге асыруға» дайындығын атап өтті.

Айта кетейік, өткен жылы Бразилия РФ Федералдық қауіпсіздік қызметінің шетелдік террористер туралы ақпараты бар деректер банкіне қосылуға ниет білдірді.

2018 жылдың қараша айында Буэнос-Айрестегі G20 саммиті алаңында БРИКС көшбасшылары БҰҰ қамқорлығымен мықты халықаралық-құқықтық база негізінде терроризмге қарсы күрес бойынша күш біріктіруге шақырды.

Кеше Путин Ресей Сириядағы бірнеше мың террористерді жоюға қатысқанын мәлімдеді. Президенттің айтуынша, бұл адамдар Ресей Федерациясына немесе көрші елдерге оралуды жоспарлаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *