Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АЛМАТЫ, 13 шілде. Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасы мен «ҚР лаңкестік және экстремизм  мәселелерін зерттеу орталығы» ҚҚ Алматы қаласының  тұрғындарына діни қатынастар және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру заңнамалық нормаларын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Экстремизм мен терроризмге қарсы тұрудың заңнамалық нормаларын халыққа түсіндіру жұмыстары базарлар мен ірі сауда орталықтарында жүргізілді. Атап айтсақ,  Тастақ, Арыстан, Байсат, Ялян, Жібек жолы базарлары мен Мегатау сауда орталығында өтті.

«Алматы үлкен мегаполис, мұнда неше түрлі адамдар келеді. Халық  көп жүретін  жер — базарлар мен сауда орталықтары. Сондықтан, жоспарлы шарамызды  осы жерлерде  өткізуді ұйғардық. Халыққа экстремизм мен терроризм қаупін барынша  түсіндірдік. Жат ағымдағы адамдарға алданып қалмаудың жолын, діншіл және дінге сенбейтін адамдардың құқықтары туралы  айттық», — дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистрі Нұрлан Орынбеков.

Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасы мен «ҚР лаңкестік және экстремизм  мәселелерін зерттеу орталығы» ҚҚ  мамандары  тұрғындар мен қала қонақтарына экстремистік және лаңкестік әрекеттерге шақыратын аудио, бейне, мәтіндік материалдарды ғаламторға салып, әлеуметтік желілерде таратқан адамдар қылмыстық және әкімшілік  жауапкершілікке тартылатынын айтты. Сондай-ақ, экстремистік ағымдардың идеологиясына түсінік берді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *