Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 04 қыркүйек. 2017 жылдан бастап 2019 жылдың тамыз айының ортасына дейін Грекияда лаңкестікке және экстремизмге күдікті ретінде жеті шетелдік азамат ұсталды. Бұл ақпаратты  азаматтарды қорғау істері жөніндегі министр Михалис Хризохоидис мәлімдеді, деп Афиналық Македониялық жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап Regnum АА хабарлайды.

Тамыз айының басында «Грек шешімі» оңшыл партиясының төрағасы Кириакос Велопулос ел аумағы арқылы «Ислам мемлекетінің» (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) содырларын көшіру туралы сұрау салды. Велопулос Грекияда қанша содыр табылғанын, қандай шаралар қабылданғанын және Эгей теңізіндегі аралдар мен Түркиямен шекаралас Эврос аймағына кіруді жабу үшін не жасалғанын Парламентке  хабарлауды сұраған.

Парламентарийге берілген жауабында  Хризохоидис еуропалық және халықаралық ордер бойынша және экстремистік әрекеттерге қатысуы мүмкін деген ескертулерге байланысты  жеті шетелдіктің тұтқындалғанын көрсетті. Ол сондай-ақ, Сирия мен Ирактағы соғыспен байланысты адамдарды тұтқындау және экстрадициялау туралы кез келген ақпаратқа билік тарапынан ауқымды тексерулер мен әрекет етілуі туралы айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *