Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Теолог Асқар Сабдин діни экстермизм мен тероризмге қарсы арнайы дәріс оқыды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек. Белгілі теолог Асқар Сабдин  Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің бірінші курс студенттеріне  діни экстремизм мен тероризмге қарсы дәріс оқыды, деп университеттің сайтында хабарланған. 

Нұр-Мүбарак университетінің бірініш курс студенттеріне  экстремизм мен тероризмге қарсы Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры, белгілі теолог Асқар Сабдин діни экстермизм мен тероризмге қарсы арнайы дәріс оқыды. Бұл дәріс университет табалдырығын жаңа аттаған студенттерге қосымша білім ғана емес, болашақ білім алуда бағыт-бағдар кіріспе сабақ іспетті. Себебі бүгінгі қоғамдағы дін төңірегінде болып жатқан жағдайлар мен сараптамаларға сүйеніп болашақ исламтанушы, дінтанушы, теологтар  қандай мәселелерге ден қою қажеттігі де дәріс барысында түсіндіріліп өтті.

Асқар Сабдин  еліміздегі теріс діни ағымдар, экстремизм мен тероризмнің алдын алуда еңбек етіп жүрген білікті маман. Сондықтан дәріс бірінші курс студенттеріне өте қызықты да мағыналы болды. Лектор жат діни ағымдардың бетпердесін, ұстанатын айла-тәсілдеріне тоқталып, қандай жағдайда да адамға білім мен дұрыс түсініктің маңызды екенін жеткізді. Студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мұндай дәрістің болашақта дәстүрлі жалғасуын сұрады.

Университеттің Тәрбие істері және әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі Мақсат Байзақ таным мен білімді арттыратын қосымша дәрістер ғана емес, қоғам өкілдері, танымал тұлғалармен  кездесулер де ұйымдастырылатыны айтқанда, студенттер қуаныштарын жасырмай, алғыстарын білдірді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *