Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек.  Жыл басынан бері қақтығыс аймағынан Қазақстанға 520 бала мен 142 әйел оралған. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Бірнеше «Жусан» операциясы жүргізілгенін жақсы білесіздер. Жүздеген бала елге оралды. Олардың дені мектеп, тіпті мектепке дейінгі жастағы балалар. Қазір педагогтарды, психологтар мен басқа да мамандарды тарту арқылы ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Нәтижесі де жаман емес», — деді Аймағамбетов мәжіліс кулуарында.

Білім және ғылым министрлігінің ақпаратынша, 2019 жылдың қаңтарынан қақтығыс аймағынан Қазақстанға 520 бала мен 142 әйел оралған.

Айта кетсек, «Жусан» гуманитарлық операциясын тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын. Бұл бастама былтырдан бері жүзеге асып келеді.

28-31 мамырда «Жусан» арнайы гуманитарлық акциясының соңғы кезеңі өтті. Қазақстанға оралған балалар оңалтудан өтіп, арнайы бейімдеу орталығына орналастырылғаны хабарланған еді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *