Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматыда есірткіні жарнамалаған екі ер адам ұсталды

АЛМАТЫ, 20 қыркүйек.  Есірткі заттарын жарнамалады деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жібек жолы көшесінде орналасқан кеңселердің бірінің қызметкерлері полицияға бірнеше рет хабарласқан. Олар белгісіз біреулердің есірткі жарнамасын ғимараттың қасбетіне және терминалдың бетіне іліп кеткенін айтқан.

«Бүгін кеңсе күзетшілері күдікті екі адамды байқап қалып, учаскелік инспекторға хабарлады. Бұл адамдар банкоматтың қабырғасына трафаретты қолдану арқылы есірткінің жарнамасын жабыстырған. Екеуіде полицияға жеткізілді. Азамат М. Түркістан облысының тумасы 2000 жылы дүниеге келген. Екінші күдікті 1997 жылы туған Х., Алматы облысының тумасы. Ұсталғандардың айтуынша, олар жарнама үшін күніне 15 мың теңге тапқан. Олардың міндеті халық көп жиналатын жерлерге 30 жазбаны жабыстыру болған», — деді Медеу ауданының полиция басқармасының бастығы Болат Тотыбаев.

Айта кетсек, ұсталған екі күдікті бұған дейін де ұрлық және бопсалаушылық үшін жауапқа тартылған.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *