Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек. Мысырдың полиция қызметкерлері жексенбі күні  терроризмге қарсы операция барысында 15 содырдын көзін жойды. Болжалдап айтқанда олар ДАИШ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) ұйымының содырлары. Бұл туралы 23 қыркүйекте Associated Press агенттігі Мысырдағы қауіпсіздік қызметіндегі жасырын дереккөзге сілтеме жасап хабарлады, деп REGNUM АА жазады.

Дереккөздің айтуынша, арнайы операция Эль-Ариш қаласының маңында өткізілді. Содырлардың  құпия жерлерінде жарылғыш заттар мен қару табылды. Қаза тапқандардың жеке басын анықтау үшін, олардың денелері жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Мысыр Синай түбегінде 2011 жылдың революциясынан бастап радикалды исламистермен күресуде. Содырлар Мысырдың қарулы күштері мен полициясына қайта-қайта шабуыл жасайды. Өз кезегінде олар терроризмге қарсы операциялар жүргізеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *