Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тәртіп сақшылары Шымкент тұрғынының көлігінен ірі көлемді есірткі тәркіледі

ШЫМКЕНТ, 09 қазан. Шымкент қаласының тұрғыны 23 келіден астам марихуана тасымалдаған, деп Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Ernur.kz хабарлайды. 

Департамент ақпаратына сүйенсек, жамбылдық полицейлер «Көкнар» есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл барысында «Алматы-Ташкент» тас жолында «Лада-21713» көлігін тізгіндеген жүргізушіні тоқтатып тексерген. Нәтижесінде, 43 жастағы шымкеттік азаматтың көлігінен жалпы салмағы 23 келіден асатын «кептірілген марихуана» есірткі заты тәркіленген.

«Күдікті өз кінәсін мойындап, тергеу изоляторына қамалды. Қазір ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — делінген аталған департамент мәлімдемесінде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *