Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ресейдің тоғыз аймағында ИМ қаржыландыру ісі бойынша тұтқындаулар өтті

НҰР-СҰЛТАН, 09 қазан. Кабардин-Балқарда халықаралық террористік топ үшін қаражат жинауды жүргізген қылмыстық топ анықталды. Радикалдардың жақтастары РФ тоғыз аймағында 6 млн. рубльден астам қаржы жинады, деп ТК ресми өкілі Светлана Петренкоға сілтеме жасап ИА REGNUM хабарлайды.  

Тергеу болжамы бойынша, «Ислам мемлекеті» үшін (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) ақша жинауды 2015 жылы ағалы-қарындас ұйымдастырған. Олар ақшаны танымал мессенджерлер арқылы қайырымдылық түрінде жинап, Сирияда әрекет ететін лаңкестерге аударған.

Қылмыстық іс Кабардин-Балқарда, Қарашай-Черкесте, Ингушетияда, Татарстанда, Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Краснодар және Ставрополь өлкелерінде және Түмен облысында жүзеге асырылды. Қылмыстық іс лаңкестікті қаржыландыру туралы РФ ҚК 205-бабы бойынша қозғалды. 25 және 30 жастағы ағалы-қарындас ұсталды. Сондай-ақ, ұсталғандардың  ондаған контрагенттері де қылмыстық істердің фигуранттары болды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *