Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Күрдтер Сириядағы лагерьлерден содырлардың отбасы мүшелері қашып шыққанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан. Сирияның солтүстік-шығысындағы күрдтердің автономия әкімшілігі Айн-Исса лагерінен «Ислам мемлекеті» террористік тобына қатысы бар бірнеше жүз адамның қашып шыққанын хабарлады. Лагерь «Сирия демократиялық күштері» бақылауындағы аумақта орналасқан, деп Азаттық хабарлайды. 

Күрдтер «Ислам мемлекеті» террористік тобының қайта күшеюі мүмкін екенін айтып, ендігәрі «жиһадшыларды» күзетуге басымдық бере алмайтынын хабарлады. Бұл лагерьлерде шамамен 12 мың тұтқын бар екені айтылады.

Дамаск Сирия солтүстік-шығысындағы күрдтердің автономиялық әкімшілігін мойындамайды. Сирияның мемлекеттік арналарының хабарлауынша, күрд әскері Айн-Исса ауданын тастап кеткен.

Түрлі дереккөздері әскери операция басталғалы бері кемінде 80 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын хабарлады. Түріктер жағынан бірнеше сарбаз, күрдтер жағынан 70-тен астам адам мерт болды. БҰҰ дерегінше, шамамен 130 мың адам үйлерін тастап қашуға мәжбүр болған.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *