Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанда мешіттегі жарылыстардан 30 жуық адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан. Ауғанстан шығысында мешітте қатарынан екі рет жарылыс болып, 30-ға жуық адам қаза тапты, 100-ден астам адам жараланды деп хабарлады жергілікті билік өкілдері, деп Азаттық хабарлайды.

Қолда бар ақпарат бойынша, 18 қазанда түс кезінде жұма намазына қатысу үшін жұрт мешітке жиналған кезде жарылыс болған. Шенеуніктердің сөзіне қарағанда кейбір адамдар үйінді астында қалған.

«Зардап шеккендер саны көп болуы ықтимал, құтқарушылар және қарапайым тұрғындар үйінді астынан мәйіттерді шығарып жатыр» деді Нангархар провинциясы басшысының кеңесшісі Сохраб Қадери.

«Жарылыс салдарынан мешіттің төбесі құлады» деді провинция басшысының ресми өкілі Аттаулах Хогиани. Әзірге ешқандай ұйым шабуылды мойнына алған жоқ. Нангархар провинциясында «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы мен «Талибан» қозғалысы әрекет етеді.

8 қазанда Нангархар провинциясының орталығы Жалалабад қаласында жарылыс болып, кем дегенде 10 адам қаза болған.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстан бойынша миссиясының (UNAMA) мәліметіне қарағанда, биыл алты айда Ауғанстанда 1366 бейбіт адам өлтіріліп, 2446 адам жараланған. Ұйым өте көп адамның жарылыс құрбанына айналғанын мәлімдеп, «бұған мүлде жол беруге болмайды» деп айыптаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *