Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Дональд Трамп Әбу Бакр әл-Бағдади ізбасарының көзі жойылғанын мәлім етті

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан. АҚШ Президенті Дональд Трамп ДАИШ лаңкестік ұйымының көсемі Әбу Бакр әл-Бағдадидің жақын жақтасының көзі жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Америка президентінің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

«Жаңа ғана Америка әскерилері Әбу Бакр әл-Бағдадидің нөмір бірінші орынбасарының көзі жойылғанын растады. Ол жақында көсемінің орнын басар еді. Енді, ол да өлді!» — деп жазды Дональд Трамп. Алайда ДАИШ көсемінің ізбасарының аты-жөні айтылмаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Дональд Трамп Сирияда арнайы операция барысында ДАИШ лаңкестік ұйымының көсемі Әбу Бакр әл-Бағдадидің көзі жойылғанын хабарлаған болатын.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *