Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Әл-Багдадиді жою операциясының видеосы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан. Пентагон «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған ұйым) террористік тобының басшысы Әбу Бәкр әль-Багдадиді жою барысында түсірілген алғашқы фото және бейне жазбалары жариялады, деп  РИА Новости хабарлайды. 

Қысқа бейне жазбада лаңкес паналаған ғимарат көрсетілген. Кадрларда ғимараттың екі жағын адамдар қоршап алғанын көруге болады.

«Мұнда біз Багдади жасырынған нысанды көріп тұрмыз. Бұған дейін атап өткендей, бұл оқшауланған нысан Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясында орналасқан», — деп журналисттерге АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығының басшысы генерал Кеннет Маккензи мәлімдеді.

Кейінгі кадрларда  содырлар әуеден шабуыл жасаған американдықтарға от ашады, деп қосты ол.

Маккензидің айтуынша, ДНҚ талдауы әл-Багдадидің жойылу фактісін растады.

Сондай-ақ, генерал әл-Багдади,  президент Дональд Трамп хабарлағандай, үш  баланы емес, екеуін жарып өлтіргенің  нақтылады. Балалар 12 жасқа толмаған еді.

Әл-Багдадидің денесі теңізге тасталғанын Маккензи растады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *